13.10.2016, 16:30
Оқылды: 89

Қоғамдық кеңес: жүктелген міндеттер мен атқарылған жұмыстар


01   Өткен жылдың қараша айында Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі құрылғандығы әмбеге аян. Оқырман назарына ұсынылып отырған мақала «Қоғамдық кеңестің құрамында кімдер бар?», «Құрылғалы бері бір жылға таяу уақыттың ішінде кеңес қандай жұмыс атқарды?», «Қандай өзекті мәселелерді көтеріп, шешімін табуға ықпал жасады?», тағы басқа сауалдарға жауап іздейді.  


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №1194 қаулысына сәйкес және Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2016 жылғы 22 ақпандағы №2 хаттамасына сүйене отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы №31-1 шешімімен Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамы 41 адамнан қалыптастырылды.

Олардың 28-і (68%) - коммерциялық емес ұйым өкілдері араларынан конкурстық негізде сайланғандар, 13-і (32%) - мемлекеттік органдар өкілдері. Орал қаласының және 12 ауданның Қоғамдық кеңес төрағалары облыстық Қоғамдық кеңестің құрамына енгізілді.
Қоғамдық кеңестің ұлттық құрамында бес ұлттың өкілдері бар: қазақтар, орыстар және әзербайжан, еврей, корей.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің гендерлік құрамы: әйелдер – 9 (22%), ер адамдар -32 (78%). Жас құрамына келсек, 30-59 жас аралығындағылар – 22 (54%), 60-тан жоғарылар – 19 (46%)

Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығының білімі жоғары, 1-і – ғылым докторы, 5-і – ғылым кандидаты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 6 мүшесі облыстық Қоғамдық кеңестің құрамында, 4-еуі - облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары.

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің 11 мүшесінен төралқа құрамы сайланды.  Қоғамдық кеңестің 02төрағасы - Е.Ғ. Салықов – облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, хатшысы – А.С. Айтимов – «КазИИТУ» ҒБК-нің құрылтайшысы.

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес жанынан мынадай 6 комиссия жасақталды:

-  Қоғамдық мониторингты, қоғамдық тыңдауды, қоғамдық талдауды және есептерді тыңдауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша комиссиясы. Төрағасы – М.И.Құлшар – облыстық мәслихат хатшысы.

- Тұрғындардың әлеуметтік мәселелері және әлеуметтік жобалар мен денсаулық сақтау бойынша комиссиясы. Төрағасы – С.М. Погодин – №1 Орал қалалық музыка мектебінің директоры, «Орыс мәдени орталығының» төрағасы.

-  Білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты бойынша комиссиясы. Төрағасы – М.Н.Сдықов – облыстық археология орталығының директоры.

-  Кәсіпкерлікті (ТКШ) және экономиканың нақты секторын дамыту бойынша комиссиясы. Төрайымы – А.Ө.Салиева – облыстық «Азаматтық альянс» төрайымы.

-  Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша комиссиясы. Төрағасы – Ж.Қ.Қожжанов – облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы.

-  Құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен өзара ынтымақтастық бойынша комиссиясы. Төрағасы – Ғ.М.Жаңбырбаев – облыстық салалық кәсіподақтар ұйымының төрағасы.

Ағымдағы жылдың 9 айында кеңес жоспарлы іс-шараларын өткізді. Қоғамдық кеңестің 11 кеңейтілген отырыстары өткізілді.
- 22 ақпан 2016 жылы БҚО Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында Қоғамдық кеңестің төрағасы және хатшысы сайланды.

- 23 ақпан 2016 жылы БҚО әкімі Н.А.Ноғаевтің есебі тыңдалды, 3 адам сөйледі, 1 ұсыныс берілді.

- 5 сәуір 2016 жылы  «БҚО мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды.

- 21 сәуір 2016 жылы  «БҚО 2015 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебі туралы.

- 4 мамыр 2016 жылы ҚР Жер Кодексіне түсінік беру туралы мәселе қаралды, 21 адам сөйледі, 9 ұсыныс берілді.

- 19 мамыр 2016 жылы ҚР Жер Кодексі туралы мәселе қаралды, 28 адам сөйледі, 21 ұсыныс берілді.

- 25 мамыр 2016 жылы ҚР Жер Кодексі туралы мәселе қаралды, 15 адам сөйледі, 11 ұсыныс берілді.

- 2 маусым 2016 жылы ҚР Жер реформасына қатысты енгізілген өзгерістер  туралы мәселе қаралды, 11 адам сөйледі, 7 ұсыныс берілді.

- 15 маусым 2016 жылы 2011-2015 жылдарға арналған БҚО Аймақтық даму бағдарламасының орындалуы туралы, облыстағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау барысы туралы және облыс аудандарындағы жер реформасы бойынша жұмыстардың барысы туралы мәселелер қаралды.  12 адам сөйледі, 8 ұсыныс берілді.

- 4 шілде 2016 жылы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2016 жылдың I жартыжылдығында орындалуы туралы БҚО әкімі А.С.Көлгіновтің есебі тыңдалды, 8 адам сөйледі, 1 ұсыныс берілді.

- 24 тамыз 2016 жылы БҚО-да балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы туралы БҚО білім басқармасының есебі және ҚР «Жайылымдар туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары талқыланды, 7 адам сөйледі, 7 ұсыныс берілді.

03 25 тамыз 2016 жылы Қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем ХХІ ғасыр» манифесіне арналған БҚО Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғам өкілдерінің қатысымен дөңгелек столы өткізілді. Облыстық Қоғамдық кеңес хатшысы А.С. Айтимов, 8 адам сөйледі және 1 ұсыныс берілді.

Құрылған уақытынан бастап 11 кеңейтілген отырыс, 15 төралақа отырысы өткізіліп, онда 132 мәселе қаралды, осылардың қортындыларымен 184 ұсынба қабылданды, соның ішінде атқарушы органдардың 118 нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары қаралды, 3-еуі қайта ұсыну үшін кері қайтарылды.

ҚР Жер реформасына қатысты Қоғамдық кеңестің кеңейтілген 5 отырысы өткізілді, оған 300-дің үстінде адам қатысты, 116 адам сөйледі және отырыс қорытындылары мен Жер реформасы бойынша республикалық комиссияға 72 ұсыныс жіберілді.

Облыстық Қоғамдық кеңестің төралқа мүшелерінің облыс тұрғындарын қабылдау мақсатында қоғамдық қабылдау кестесі жасақталды және ол облыстық БАҚ-да  жарияланды.

Сондай-ақ облыс тұрғындарының пікірлерін анықтау мақсатында халықтың көп баратын орны Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимараттарында  қоғамдық пікір жәшіктері орнатылды.

2016 жылы 17 қазанда Қоғамдық кеңестің мүшелеріне арналған, қоғамдық бақылау нысандарын пайдалану бойынша қоғамдық кеңестер қызметті тиімділігінің денгейін анықтау  семинар өтті.

Бұл - қоғамдық кеңестің 9 ай көлемінде жасаған жұмысы. Қоғамдық Кеңес заңының жүзеге асуы үкіметтік емес ұйымдардың БҚО бойынша жұмысын жақсартады деп үміттенеміз

Е.Салықов,

БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале