Орал қаласындағы «Ет комбинаты» ауданында тұратын 1987 және 1984 жылдары дүниеге келген ерлі-зайыптылар бір түнде көршісінің қолынан қаза тапты. Оқиға 29 қазанда түнгі уақытта орын алған. Тұрмыстық техника сатып алғандарын атап өтпек болған ерлі-зайыптылар «А» есімді көршілерін үйлеріне шақырады.
Жасалған сауданың құрметіне ішімдік ішілген. Сол жерде жанжал туындап, «А» алдымен көршісінің әйеліне, артынша күйеуіне пышақ жарақатын салады. Алған жарақаттан ерлі-зайыптының екеуі де көз жұмған. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қылмыстың ізі суымай жатып қолға түсті. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
БҚО ІІД баспасөз қызметі