Тамылжыған тамыз айының екінші жексенбісі құрыш қолды құрылысшылардың төл мерекесі ретінде аталып келе жатқанына аз уақыт болған жоқ. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке ең алғаш 1956 жылдан бастап тойланған. Сол уақыттан бері 60 жыл өткеніне қарамастан құрылысшыларды осынау төл мерекелерімен құттықтап, оларға сый-сияпат көрсету дәстүрі әлі де жалғасып келеді. Биылғы жылы да аталмыш мейрамды ауданымыздың жолын жөндеп жатқан «UNISERV» компаниясының құрлысшылары сән-салтанатпен атап өтті. Қүрылысшылардың кәсіби мерекесінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі әр түрлі (арқан тартыс, гір көтеру, дойбы, шахмат) спорттық ойындар ұйымдастыра отырып, құрылысшыларды қызыққа бөледі. Ал аудандық мәлени демалыс орталығының өнерпаздарының құрылысшыларға тарту еткен мерекелік концерті көптің көңілінен шығып, құрылысшылардың шаршаңқы көңілдерін бір серпілтіп тастады.
Сондай-ақ, аудан әкімшілігі атынан құтықтай келген аудан әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева мереке иелеріне жүрек жарды лебізін арнаса, «UNISERV» компаниясының бөлім басшысы Гүлбарам Айтқұлова өз қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, компания атынан бір топ қызметкерге алғыс хат табыстап, ақшалай сый-сияпат жасады. Мерекелік шараның аяғы кешкі мерекелік дастархан мен би кешінеұласты.
Нұрғали Ғаббасов