ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Жиын барысында аталмыш кеңес хатшылығының меңгерушісі Жақсат |Мұратов осыдан бұрынғы кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат берді.
Ал облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы Ахмет Ғұбайдуллин басқармада жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарау бойынша баяндама жасады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қазбек Меңеев мемқызметшінің әдеп кодексін сақтау бағытындағы жүргізілген тексеріс қорытындыларын қарау бойынша есеп берді.
Кеңес отырысында сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің ұсынысы негізінде облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Алпысбаевтың да тәртіптік ісі қаралды.