21.12.2016, 12:27
Оқылды: 97

Әуежайдан әлем чемпионатының жүлдегерін қарсылады

erkin-kyres Жақында еркін күрестен Мажарстан елінің астанасы Будапештте әлем чемионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға жерлесіміз, Сырым ауданының тумасы Нұрлан Бекжанов қатысып, күміс жүлдегер атанған болатын.


  Еркін күрестен ересектер арасында əлем чемпионатының финалына шыққан тұңғыш қазақ балуаны болып тарихқа енген жүлдегеріміз елге келді. Орал қаласының әуежайында Нұрланды алғашқы бапкері, жас палуандар және тума-туыс, достары қарсы алды.

erkin-kyres02  Нұрлан Бекжанов іріктеу кезеңінде қырғыз балуаны Еламан Доғдырбекұлын 5:1 есебімен жеңсе, 1/8 финалда жергілікті балуан Зсомбор Истванды 6:2 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Михаил Саваны (Молдова) 0:7 есебімен таза жеңді. Жартылай финалда Нобуоши Такоджиманы 6:10 нәтижесімен жеңіп, финалға жолдама алды. Финалда 4:8 есебімен ресейлік Магомед Курбаналиевке жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале