11.08.2016, 9:13
Оқылды: 59

Өкпе дертін өршітпеу мақсатында

Screenshot_2016-08-11-06-58-11-1Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың үлкен мәжіліс залында «2016-2025 жылдарға арналған Қазақстанда туберкулезді біріктірілген бақылау үлгісін енгізу» тақырыбында семинар-кеңес өтті. 


Қазақстандағы туберкулезді біріктірілген бақылаудың стратегиялық бағыттарының жүзеге асырылуы мақсатында өткізілген семинар-кеңеске ҚР туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығының директоры Жұмағали Исмаилов қатысып, өз ойымен бөлісті.

Screenshot_2016-08-11-06-58-05-1Аталмыш шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, туберкулезге қарсы диспансер және БҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысты. Қазақстандағы 2016-2025 жылдарға арналған туберкулезді біріктірілген бақылау үлгісі ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Д. Назарбаеваның жетекшілігімен өткен отырыста қарастырылған болатын. Кейін Шығыс Европа және Орталық Азия елдерінде туберкулездің алдын алуы және емделуін жақсарту мақсатында Копенгагенде өткізілген денсаулық сақтау жүйесін нығайту бойынша жоғары деңгейлі мемлекетаралық кеңесте ұсынылды. ЕуроДДҰ және ЖҚТБ, туберкулез және малярия бойынша ғаламдық қордың басшыларымен келісілген бұл тəртіп ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің Ұлттық үйлестіру кеңесімен мақұлданды.

Темірболат Тоқмамбетов

www.zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале