Облыс әкімі Алтай Көлгінов Зеленов ауданында болып, егін және мал шаруашылығымен айналысатын бірқатар шаруа қожалықтарын аралады.
Облыс әкімі Дариян ауылдық округіне қарасты “Матевосян” шаруа қожалығының күздік егіс алқабымен танысып, комбайын тізгініне өзі отырып, егін ору жұмысына ат салысты.
Комбайн штурвалына отырған өңір басшысы 1,5 шақырым егіс алқабымен жүріп өтіп, бір бункер, яғни 48 центнер бидай жинады.
Айта кетейік, аталған шаруа қожалықтың меншігінде 7662 гектар егістік жер бар. Қожалық қарауындағы ауыл шаруашылық техникаларында, егін ору науқанында отыздан астам адам жұмыс істейді. Шаруа қожалық иелерінің айтуынша көктемгі уақытта жауын-шашынның мол болуынан биылғы егіс бітік шыққан. Мол өнімді ысырапсыз жинап алуға шаруалар бар күштерін жұмсауда.
Мол шыққан егістікті оруға 9 комбайн түскен. Барлығы 6 мың гектар күздіктің бүгінгі таңда 2 мың га орылған. Қалғанын 10 күн ішінде жинап алмақшы.
Нұрбек Оразаев
Фото Медет Досумов