Warning: session_start(): open(/tmp/sess_02pdmfevbcergognnsg9d0ucf4, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Оралда «Өнер барысы» турнирі өтті - официальные новости ЗКО
20.11.2025, 10:07
Оқылды: 445

Оралда «Өнер барысы» турнирі өтті

«Жайық Арена» спорт кешенінде Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен облыстық мәдениет және өнер қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Өнер барысы» турнирі өтті.

image-20-11-25-12-12-19

Турнирге Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігі және Сырым, Казталов, Жаңақала аудандарының мәдениет қызметкерлері қатысты.

image-20-11-25-12-12-18

Тартысты дода нәтижесінде ІІІ орын Жаңақала ауданының палуандарына, ІІ орын филармониямыздың «Атамекен» командасына бұйырды.

image-20-11-25-12-12-17

Жүлделі І орынды Сырым ауданының мәдениет командасы иеленді.

image-20-11-25-12-12

Жүлдегер және жеңімпаз командаларға диплом, медаль, қаржылай сыйлықтар табыс етілсе, әр командадан белсенділік танытып, оқ бойы оза шапқан қатысушылар да марапатталды.

image-20-11-25-12-12-1

Жүлделі орындарды Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов, филармония директоры Бауыржан Халиолла, «Жайық Арена» спорт кешенінің директоры Артур Шерғалиев, Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің директоры Кенжегүл Ахметова табыстады.

Айжан Бауыржанқызы,

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының ақпарат бөлімінің маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале