16.10.2023, 17:15
Оқылды: 33

2024 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға өтініш қабылдау жалғасып жатыр

Qazaqstan ұлттық арнасы 2024 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға өтініш қабылдауды жалғастырып жатыр. Телехикаялардың сюжеттік желісінде төменде көрсетілген тақырыптардың кез келгені көрініс табуы тиіс.
c070907b-5c5f-4bb0-91ff-825fa6ca4c22
•  Тарихтағы елеулі кезеңдер мен тарихи оқиғалар;
• Отбасы құндылығы, салт-дәстүрлер;
• Еңбек және ғылым адамдары (құтқарушы, өрт сөндіруші, мұғалім, медицина және құқық қорғау қызметкерлері);
• Ішкі туризм;
• Ауыл өмірі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнестің дамуы;
• Салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен алкоголизм және лудоманияға қарсы күрес;
• Ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас және патриотизм;
• Инклюзия;
• Экология, жануарларды қорғау мәселелері.

 

Сонымен қатар танымал отандық әдеби шығармалардың желісі бойынша экранизацияға ұсыныстар қабылданады.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы қажет.

Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан 2023 жылғы 30 қазанға дейін [email protected] электронды поштасына қабылданады.
Qazaqstan.tv 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале