Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес Ораза басталуына бір айдан аса уақыт қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: pixabay.com
2026 жылы Ораза қашан басталады?
2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
