Бүгін Қазақстан халқы Бірлік күні мерекесін атап өтеді.
Атаулы мереке ел Президентінің Жарлығына сәйкес, 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан көпұлтты ел екені баршаға мәлім. Тәуелсіздік алғалы 130-дан астам ұлт өкілі ел аумағында тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында татулықтың үлгісі деуге болады. Себебі бірнеше ұлт өкілі салт-дәстүрі мен ұстанымына қарамастан ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр.
Біздің ел – 30 жылдан астам тәуелсіздік тарихында сандаған ұлттың ұйытқысына айналып отыр.
Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында бірнеше ұлт өкілі өзара ынтымақтастық пен татуластықты ту етіп тіршілік етуде.
Ел басына қиын-қыстау заман туғанда кез келген халықтың бірлігі ішінара бірлік және ынтымақтастықпен өлшенеді. Осы орайда Қазақстан халқы ұлты мен дініне қарамастан Тәуелсіздік алғалы ұлт ретінде ұйып, бірлікті берік ұстанып келеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат