Бұл туралы Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі хабарлайды.
Басқарманың хабарлауынша, 28,29,30 сәуір күндері сағат 15:00-19:00 аралығында Абай атындағы алаңда мейрамға арналған салтанатты шараның дайындықтары жүреді. Осыған байланысты Ж.Досмұхамедов көшесінен Ж.Молдағалиев көшесіне дейінгі аралықта көліктер қозғалысы шектеледі.
Ал 1 мамырда 06:00-14:00-ге дейін Достық даңғылында қозғалыс шектеледі. Шектелу аумағына Пугачев көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі аралықты қиып өтетін Шаған жағалауы мен Құрманғазы көшесіне дейінгі көшелер кіреді. Сонымен қатар сол күні 11:00-16:00 аралығында мәдениет және демалыс саябағында қозғалыс шектеледі.
zhaikpress.kz