Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту және «Ashyq» жобасын енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі-COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4)-тармақшасын, 2-тармағының 3)-тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2021 жылдың 1 мамырынан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары күшейтілсін:
1) Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін периметр бойынша Орал қаласына және эпидемиологиялық жағдайы бойынша матрицасына сай Батыс Қазақстан облысының аудандарында (Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Казталов, Теректі, Шыңғырлау) кіру/шығу жерлерінде блокпосттар орнату;
2) Блокпосттар арқылы кедергісіз кіруге / шығуға (жол парақтарын, жұмыс бұйрықтарын, тапсырма жоспарларын, жүкқұжаттарын, іссапар құжаттарын, медициналық мекемелердің жолдамаларын, жеке куәліктерін, жүру билетін көрсеткен кезде) төмендегілер үшін рұқсат етілсін:
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;
- карантинді стационарларда емделушілер мен бақыланушылар;
- жүк тасымалдаушылар мен транзиттік жолаушылар;
- ауысым (вахта) жұмысшыларын тасымалдайтын көлік құралдары;
- күзгі дала жұмыстарына, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауылшаруашылық жұмыстарына, жолдарды жөндеуге, авариялық-құтқару қызметіне, аса қажет тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектерді, қатты, сұйық жанар-жағар май материалдарын жеткізушілермен, сондай-ақ барлық жүк тасымалымен айналысатын адамдар, облыстың шаруашылық өмірін қамтамасыз ететін жабдықтармен және материалдармен айналысатындар, растайтын құжаттарды (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызметкерлер үшін - жұмыс орнынан мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтама) көрсеткен кезде;
- тұрақты тұрғылықты жеріне оралатын адамдар және облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері) саяжай үйлеріне (саяжайларға, омартаға, қыстаққа) бару үшін құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен кезде;
- жақын туысқаны (әкесі, анасы, ағасы, апасы, балалары) қайтыс болған тұрғындарға;
- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және кері қайту кезінде жұмыс берушінің мөрмен расталған еркін үлгідегі анықтамасы болған кезде.
- темір жол вокзалынан, әуежайдан, автовокзалдан билетті көрсету арқылы бару немесе қайту кезінде;
Осы санатта көрсетілген тұлғаларға «109» телефонына өтінім қалдыру, немесе http://www.STOPCOVID.KZ сайттына тіркелу қажет.
Ерекше жағдайларда осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда адамдардың жекелеген санаттарына аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және кіруге рұқсат ауданның / қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін;
3) осы қаулыда көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, азаматтардың облыстың аумағына және Орал қаласының аумағына кіруіне / шығуына тыйым салынсын.
4) блокпосттардың жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін;
2. БҚО аудандары мен Орал қаласының әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, мекемелер басшылары, БҚО Кәсіпкерлер палатасы, барлық меншік нысанындағы кәсіпкерлік субъектілері:
1) Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулерді және рұқсаттарды іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмектің, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтердің қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 00:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеу;
Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарының шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге жеке автокөлікпен шығуы, дәріханаларда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар «109» телефонына өтінім қалдыру, не Сайтта тіркелу қажет http://www.STOPCOVID.KZ;
3) коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз;
«Қашықтықтан» жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізбей, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;
4) 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы 5 (бес) адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларын қоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады;
5) рұқсат беру:
- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
- ата-аналардың өтініші бойынша, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын, мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныптарды қоса алғанда, аралас форматта оқытуға;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту: пәндердің 70%-штаттық режимде, 30%-қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1-сынып-1-кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау);
- практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда, 1-курс студенттерін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту;
Шектеу шараларының режимі мен уақыты облыс аумағында COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
3. Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша):
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің (бұдан әрі – ҚР БМСД) 13.04.2021ж. №14 қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысуға өтінімдерді қарау және қатысушылардың тізімін әкімдікке жіберу;
- жобаға қатысушылар арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізу;
- кәсіпкерлік субъектілері арасында «Ashyq» қосымшасын қолдану, енгізу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.
4. «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
ҚР БМСД №14 қаулысының талаптарына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
5. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі:
Қоғамдық көліктің жұмысы ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып (қарбалас уақытта автобустар санын арттыру, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, қолжетімді жерлерге антисептиктерді орнату, отыратын орындар саны бойынша толтыру).
6. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары және қонақтары:
- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмекті шақырып, үйден медициналық көмекке жүгіну;
- 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен кетпеуге кеңес беріледі;
- жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 (екі) метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу.
- 13.04.2021ж. ҚР БМСД №14 «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда ҚР БМСД №68 Қаулысына сай қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салу;
- осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес объектілердің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға тыйым салынсын;
- Бұқаралық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шаралар оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын;
7. Батыс Қазақстан облысының аудандары мен Орал қаласының әкімдері:
- жоғарыда көрсетілген шектеу шараларын сақтауды;
- 13.04.2021ж. ҚР БМСД №14 Қаулысына сай кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» пилоттық жобасын енгізуді;
- ҚР БМСД №68 Қаулысымен белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастауды;
- қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін әзірлікті бағалау Актісін нысанға кіре берісте көрінетін жерге орналастыруды;
- шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін халықты, жеке және заңды тұлғаларды InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы хабардар етуді;
- бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;
- шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;
- InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР БМСД №67 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін бақылауды;
- Қазақстан Республикасы және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын сақтау жөніндегі объектілерде күндізгі және түнгі уақытта мониторинг жүргізу жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді қамтамасыз етсін.
8. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:
- «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
- персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперделермен, қолғаптармен) қамтамасыз ету;
- үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;
- келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;
- үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;
- үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;
- келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қол тепловизоры арқылы қашықтықтан байланыссыз термометрия жүргізу;
- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.
9. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары:
- Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;
- «Ashyq» пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттарын қолдануды қамтамасыз ету:
- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі үшін (қызыл аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың әлеуметтік-экономикалық объектілердің орташа деңгейі үшін жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (сары аймақ);
- коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық орташа деңгейі үшін (сары аймақ) коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық әлеуметтік-экономикалық объектілердің төменгі деңгейі үшін жұмысын шектеу критерийлері қолданылады (жасыл аймақ);
- рұқсат беру құжаттары жоқ тыйым салынған қызмет түрлеріне және объектілерге қатысуға жол бермеу мақсатында (эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама) ҚР БМСД №67 қаулысына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін қарау сатысында келісу;
- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысына 2-қосымшамен бекітілген алгоритмге сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары»/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау;
- «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтмасыз етсін;
- халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шараларды қабылдай отырып, сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылауды;
- әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатын ауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;
- карантин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды;
- COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмониямен (U07.2) ауыратын науқасқа сұрау жүргізуді;
- тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда, эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі;
- үй карантиніндегі байланыста болғандар, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) Қағидаларын сақтау қажеттігі туралы қол қойғызу арқылы хабарлауды;
- инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
- халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар жөнінде хабардар етуді;
- COVID-19 (U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
- санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;
- медициналық ақпараттық жүйе арқылы медициналық ұйымдардың байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.
10. Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Қазақстан Республикасының және Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
11. Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:
- шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу материалдарды аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберу;
- аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп мониторинг топтарының жұмысын жандандыру;
- расталған COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) жағдайымен жақын байланыс ретінде анықталған асимптоматикалық ағымы бар адамдар (тасымалдаушылар) мен айналасындағы адамдардың үй карантині шарттарын сақтауын бақылауға жәрдемдесу;
- COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және ауруханаға жатқызу орындарын күзету.
12. БҚО ішкі саясат басқармасына, Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы және аудан әкімдеріне:
- бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;
- қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа жаднамалар, оның ішінде сақтық шараларын сақтау туралы, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде жүру қағидаларын, шұғыл және авариялық қызметтердің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;
- ауру ошақтарын оқшаулау және аурудың облыс тұрғындары арасында таралу қаупін азайту бойынша қабылданып жатырған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттарды жариялау;
- облыста пилотқа қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-те жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді қамтамасыз ету;
13. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
14. Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің:
- 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы»;
- 2021 жылғы 30 наурыздағы №9 «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»;
- 2021 жылғы 6 сәуірдегі №10«Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
15. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
16. Осы қаулы 2021 жылғы 01 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Н.Мұстаев,
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 26 сәуірдегі №11 Қаулысына қосымша
№ | Нысандар/салалар | Қызыл аймақ | Сары аймақ
(ҚР БМСД 13.04.2021 ж. №14 Қаулысына сай «Ashyq» пилоттық жобаға қатысушы нысандарға қатысты) |
1. | Өнеркәсіп | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі | |
2. | Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етіледі | |
3. | Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
4. | Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т.б.) | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
5. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.) | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
6. | Гүл дүкендері, фотосалондар | Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
7. | Медициналық ұйымдар, дәріханалар | Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
8. | Мұражайлар, кітапханалар | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
9. | Азық-түлік дүкендері (оның ішінде минимаркеттер, алкомаркеттер, сыра дүкендері) | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс уақыты бойынша сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
10. | Балалар түзету кабинеттері, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары, үйірмелер | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын топқарұқсат етіледі | |
11. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін маникюр мен педикюр қызметтері (жазылу бойынша) | Маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
12. | Супермаркеттер, гипермаркеттер | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс уақыты бойынша сағат 08.00-ден 23.00-ге дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
13. | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отелдер, санатория-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.) | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, 50% - дан аспайтын көлемде жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
14. | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | Жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып және жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
15. | фудкорттар (тек жеткізуге және алып кетуге) | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда ғана жеткізуге және алып кетуге рұқсат етіледі | |
16. | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (жазылу бойынша) | Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмысқа рұқсат етіледі | |
17. | Банктер, Мемлекеттік коорпорация, Қазпошта бөлімшелері | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жексенбі күндері жұмысқа тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін уақытты шектей отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуге рұқсат етіледі | |
18. | Мектепке дейінгі мекемелер | Кезекші топтардың жұмысына 15 адамнан асырмай ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат етіледі | |
19. | Діни объектілер | Жаппай ұжымдық іс-шаралар (жұма намазы, діни жоралар және т.б.) өткізілместен рұқсат етіледі. Бірге тұратын бір отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, қасиетті Рамазан айы кезінде ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады | |
20. | Қоғамдық тамақтану объектілері | ҚР БМСД 13.04.2021 ж.№14 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобаға қатысушы нысандарды қоспағанда, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, толтырылуы 50%-дан аспайтын, бірақ 30-дан аспайтын отыратын орны бар, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауға тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілместен, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтату.
Сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің тек ашық ауада (жазғы алаңдарда), жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, толтырылуы 30 отыратын орыннан аспайтын, сондай-ақ тамақ жеткізуге арналған қызметпен жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. |
қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін,толтырылуы 50%-дан аспайтын, бірақ 50-дан аспайтын отыратын орны бар, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етумен, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауға тиіс, ұжымдық, салтанатты отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілместен, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. |
21. | Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып және жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұрып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс күндері және сенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі. | |
22. | Монша | ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. | |
23. | Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер | ҚР БМСД 13.04.2021 ж. № 14 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. |
24. | Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) | Жұмыс күндері жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндері тоқтата тұрып жұмыс істеуге рұқсат етіледі. | |
25. | Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | Тыйым салынады | |
26. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар | «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ҚР БМСД 13.04.2021 ж. № 14 қаулысына сәйкес ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. |
27. | ОСО, сауда үйлері, сауда желілері | Жұмыс күндері жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жексенбі күндері тоқтатыла тұрады. | |
28. | Мәдениет объектілері (дайындық) | Тыйым салынады | |
29. | Театрлар, кинотеатрлар | Тыйым салынады,
ҚР БМСД 13.04.2021ж. №14 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, |
ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін, толтырылуы 20%-дан аспайтын, маска режимін, шахматқа сай отырғызу және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі |
30. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | Тыйым салынады | |
31. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | Тыйым салынады | |
32. | Бильярд бөлмелері | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, ҚР БМСД 13.04.2021 ж. № 14 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, тыйым салу | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, толтырылуы 50%-дан аспайтын, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. |
33. | Компьютерлік клубтар | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, ҚР БМСД 13.04.2021 ж. № 14 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, толтырылуы 50%-дан аспайтын, жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
(клиенттерге 16 жастан бастап рұқсат беру), тыйым салу |
34. | Боулинг | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, ҚР БМСД 13.04.2021 ж. № 14 қаулысына сәйкес «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, тыйым салу | ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, толтырылуы 50%-дан аспайтын, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. |
35. | Цирктер | Тыйым салынады | |
36. | Балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық бөлмелердегі аттракциондар) | Тыйым салынады | |
37. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу | Тыйым салынады | |
38. | Еске алуды өткізу | Тыйым салынады | |
39. | Банкет залдары | Тыйым салынады | |
40. | Түнгі және ойын клубтары, караоке, кальян, барлар, букмеккерлік кеңселер, батуттық орталықтары | Тыйым салынады | |
41. | Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) | Ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынады |