4.08.2023, 16:00
Оқылды: 47

1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеуші сотқа тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

ЖП Сыбайлас 2

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беруді сылтауратып 1 млн АҚШ долларын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталып отыр.

Айыпталушы К. Алтаев сотқа берілді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты жариялауға болмайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале