12.03.2024, 11:15
Оқылды: 49

1 миллионнан тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталды және қайта өңделді

1 млн тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталды және қайта өңделді. Бұл туралы  ҚР экология министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

626c03dc-2337-4364-81c8-36552224aafc

Фото: t.me/KZgovernment

«2023 жылы елімізде 4,1 млн тоннаға жуық коммуналдық қалдықтар түзілген. Оның 1 млн тоннасы сұрыпталып, қайта өңделді. Қоқысты шығару қызметімен еліміздің 80%-ға жуық халқы тұратын қалалар мен ірі елді мекендер қамтамасыз етілген. Коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы шамамен 70% пайдалы фракциялардан тұрады, атап айтқанда 16% пластик, 11% макулатура, 9% шыны, 37% органикалық қалдықтар, 27% тағы басқалары», — деді экология министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале