15.04.2025, 10:45
Оқылды: 181

1 млн гектардан астам жер өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылған

Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда ведомство басшылығының мәліметінше, өртті ерте анықтау жүйелермен қамту мемлекеттік орман қорының 1,3 млн га аумағын құрайды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында мәлім болды. 

86d0c652-5aaf-4b66-b8cb-6b1cfea10675

Сурет: telegram.org

Биыл аталған жүйе «Семей орманы» резерватында орнатылады. «Семей орманынан» бөлек өртті ерте анықтау жүйесі 23 орман шаруашылығында да енгізіледі. Жыл соңына қарай бұл жүйемен 5,6 млн гектар мемлекеттік орман қоры қамтылатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале