10.03.2022, 12:00
Оқылды: 42

1 мың инженер шетелдік зауыттарға тағлымдамаға жіберіледі

 Бір мың инженер шетелдік зауыттарға тағлымдамаға жіберіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200628111338054e

Вице-министрдің атап өтуінше, Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында министрлік 23 іс-шараны іске асыруға қатысады. Оның ішінде 11-і бойынша - жауапты орындаушы. Іс-шаралар негізінен жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықты жұмыспен қамтуға, тұрғын үй кешені саласында көрсетілетін сервистік қызметтер бағаларын ұстап тұруға, негізгі тауарлар, құрылыс материалдары, жеңіл, химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларының импортын алмастыруға бағытталған.

«Бағдарлама аясында импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған жобалар іске асырылады. 80 жобаға жеңіл шарттармен несие беру арқылы 2025 жылға дейін 23 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Нәтижесінде экспорт көлемі 2,3 трлн теңгені құрап, импорт 1,3 трлн теңгеге азаюы тиіс. Осы жобаларды шикізатпен, инфрақұрылыммен және инженерлік-техникалық кадрлармен қамтамасыз ету сияқты жүйелі сипаттағы мәселелер шешілетін болады. Қазір Қазақстан Даму банкі және Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы осындай жобаларды қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар әлемнің жетекші елдеріндегі өнеркәсіп зауыттарына 1 мыңдай маманды жіберіп, қазақстандық инженерлік мамандардың тәжірибе деңгейін көтеру жоспарлануда», - деді Марат Қарабаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале