3.06.2020, 14:36
Оқылды: 60

1-сыныпқа баратын баланың тұрғылықты мекенжайы басқа қалада болса не істеу керек?

Нормаға сәйкес, әр сыныпта 25 балаға дейін болуы керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн-брифингте айтылды.

21556D1A-65EF-4850-8DF0-3EEEF1B79C7F

«Egov.kz порталы арқылы баланы бір мектептен басқа мектепке ауыстыруға болады. Білім және ғылым министрлігінің құрамында 20 мың мекеме бар. Бұл ұйымның бәрін ақпараттандыру қиын, сол себепті бізге басқа ақпараттық жүйелер көмектеседі. Біз олармен бірігіп жұмыс істейміз. Әр өңірде әртүрлі ақпараттық жүйе тұр және бұл қалыпты жағдай», - деді Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай. Сондай-ақ ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова 1-сыныпқа баратын баланың тұрғылықты мекенжайы басқа қалада болса не істеу керектігін айтты.

«Мұндай жағдайда оқушының тұрғылықты мекенжайы талап етілмейді. Бірақ мектепке хабарласып, мән-жайды түсіндіріп, мәселені шешуге болады. Бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтінішті мектеп директорының атына жазады, ал мамандандырылған облыстық мектеп болса – өтінішті облыстық немесе қалалық білім басқармасына жазады. Мектеп алдымен өзінің микроучастогындегі оқушыларды қабылдауы керек. Биылғы талап бойынша әр үш бала сол мектеп маңындағы үйлерден алынса, төртінші бала басқа территориядан келе алады. Нормаға сәйкес, әр сыныпта 25 балаға дейін болуы керек, бірақ бала саны көп болған соң бұл талаптар сақтала бермейді. Бұл мәселені жергілікті органдар кезең-кезеңімен шешуі тиіс», - дейді ол.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале