30.11.2022, 17:00
Оқылды: 36

10-мерейтойлы «Бастау» кинофестивалі басталды

Кеше, 29 қарашада, Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Х «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің ресми ашылуы болып өтті.

A8632E21-EC9B-4087-AEE3-504758311618

Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімдігінің, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның, Тұран Университетінің өкілдері, кино жұлдыздар Санжар Мади, Асель Сағатова, Жан Байжанбаев және тағы басқалар қатысты. Қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды.

Фестивальдің ашылу салтанатында "Бастау" ХКФ-нің президенті Сергей Әзімов:

"Біздің кинофестивальдің басты мақсаты - жас кинематографистерді қолдау. Және көптеген басқа фестивальдерден айырмашылығы - бұл мақсаттың қалай жүзеге асырылып жатқанын бізден анық байқауға болады. Кешегі дебютанттар бүгінгі күннің шеберлеріне айналуда. Ал сол кезде олардың жанында тұрған шеберлер қазір мэтрлерге айналды. Бұл - ұрпақтар сабақтастығы. Және осы байланысты қолдау - біздің басты міндетіміз", - деді.

Осы сөздердің дәлелі ретінде фестиваль Яна Скопинаның толықметражды дебюті "Скоро кончится лето" фильмімен ашылды. Яна - "Бастау" түлегі - оның алғашқы жұмысы - "Ты что-то прячешь в кулаке" атты қысқаметражды фильмі V "Бастау" ХКФ-да үздік деп танылған. 2015 жылы жүлдені жеңіп алғанда, ол сахнада үлкен картинамен осында оралуға уәде берген еді.

Сонымен қатар, салтанатты кеште атақты режиссер, Канн кинофестивалінің жүлдегері Сергей Дворцевойға "Қазақстандық кинематографқа қосқан үлесі үшін" ерекше сыйлығы табысталды. Марапатты алуға сахнаға шыққан режиссер де кезінде өзінің алғашқы қадамдарын Сергей Әзімовтің көмегімен бастағанын атап өтті.

Биылғы мерейтойлық фестивальге қатысу үшін мыңнан астам өтінім келіп түсті. Нәтижесінде, іріктеу комиссиясы әлемнің 40 елінен 53 конкурстық жұмысты анықтады. Байқауға Жапония мен Египет, Греция мен Палестина, Франция мен Катар, Израиль және Германия кинематографистері қатысады.

Мерейтойлық фестиваль қонақтарын қызықты бағдарлама күтуде. Фестивальде Асқар Ұзабаевтың "Бақыт" лентасы көрсетіледі. Картина 72-ші Берлин кинофестивалінің "Панорама" бағдарламасында басты марапатқа "Көрермендер көзайымы сыйлығына" ие болды. Осы секцияда Әділхан Ержановтың "Адемоканы оқыту" картинасымен қазақстандық және ресейлік кинематографистердің бірлескен "Тарлан" атты туындысы бар. Екі фильм де Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.

Фестивалдің толықметражды фильмдер байқауына Эльдар Шибановтың "Тау жуасы" дебюттік фильмі қатысады. Бұл картинаның қазақстандық тұсаукесері. Оның әлемдік премьерасы қыркүйекте әйгілі Венеция кинофестивалінде болып өтті.

Жыл сайынғы осы кино мерекесін Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Tanaris Production" кинокомпаниясы ұйымдастырады. Фестивальдің серіктестері - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, "Тұран" университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Көрсетілімдерге кіру - тегін. X "Бастау" Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің көрсетілімдер кестесін - сайттан көре аласыздар.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале