21.08.2024, 11:30
Оқылды: 81

10 мыңнан астам автономды қазандық жылыту кезеңіне дайын

Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

D0E0943F-BFF5-42EF-9D47-2ED5D17BBC8C

Сурет: istockphoto.com

«Республика бойынша алдағы жылыту маусымына шамамен 12 мың автономды қазандықты дайындау қажет, жұмыстың 81%-ы орындалды, 10 мыңнан астам автономды қазандық дайындалды. Қазандықтарды дайындау бойынша артта қалу көрсеткіші Астана қаласы бойынша байқалады, жұмыс тамыз айының соңына дейін аяқталады.

Автономды қазандықтар бойынша 1,3 млн тоннадан астам көмір, 9,3 мың тонна мазут және 54 мың тонна дизель отынын дайындау қажет. Қазіргі уақытта 50% көмір, 98% мазут және шамамен 50% дизель отыны дайындалды», - деді Үкімет отырысы барысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале