27.12.2023, 14:30
Оқылды: 59

100-ден аса балаға қуаныш сыйлады

Өңіріміздегі "ДСК Приоритет" жол құрылыс компаниясы Жаңа жылдың алдында 100-ден аса баланы қуантты. Компания басшысы Жанна Кенжинаның айтуынша, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі, өнерлі балаларды қолдау - компанияның негізгі ұстанымдарының бірі.

InShot_20231227_142333719

Бұл жолы мекеменің Аяз атасы мен Ақшақарлары қаламыздағы № 16,23,4 мектеп пен облыстық есту-сөйлеу қабілеті бұзылған арнаулы мектеп-интернатының оқушыларын, Зашаған кентіндегі аз қамтылған отбасы балаларын құттықтады.

InShot_20231227_142428317

 

Сонымен қатар қала тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқытатын №24 мектептің мұғалімі Ғибрат Мақсотқызының өтініші бойынша Иманжан есімді оқушының сабақ оқуын жеңілдету үшін арнайы планшет табыстады.

InShot_20231227_142513357

Жаңажылдық сыйлыққа кенелгендер қатарында Бөрлі ауданы, Приурал ауылының балалары да бар.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале