27.04.2023, 10:45
Оқылды: 29

100-ден астам оқушы экологияны жақсартуды көздейтін жоба ұсынады

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco»республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушы қатысады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

5d326be69e2212952d081363031a626b_1280x720

Конкурс ұйымдастырушыларының айтуынша,байқау оқушыларды әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеп, экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

«Қатысушылаи төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсынады.«Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады». Ережеге сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сынып аралығында анықталатын болады», - деді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және грамоталармен марапатталады. Конкурс Ережесі www.daryn.kz сайтында қолжетімді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале