13.06.2025, 16:45
Оқылды: 107

105 жастағы әжей ұзақ өмір сүрудің қарапайым құпиясын айтты

Ұлыбритания тұрғыны, 105 жасқа толған Мэрион ұзақ өмір сүруінің басты құпиясымен бөлісті. Бұл туралы National World басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Teenage Granddaughter Showing Grandmother How To Use Digital Tablet

 Сурет: istockphoto.com

1920 жылы Бирмингем қаласында дүниеге келген кейуана өзін жай ғана "Мэрион" деп атағанды ұнатады. Ол ұзақ жылдар бойы мұғалім болып қызмет еткен. Кейін Брендон ауылына көшіп барып, жергілікті қайырымдылық ұйымының бөлімшесін басқарып жүрген.

Қазіргі уақытта Мэрион Глостершир графтығындағы Тьюксбери қаласындағы қарттар үйінде тұрады. 105 жылдық мерейтойымен оны туған-туыстары мен достары арнайы құттықтап келді.

Өзінің ұзақ ғұмыр кешуінің басты сыры ретінде Мэрион әр адамға қолжетімді қарапайым қағиданы атады – өмірге қуана білу, күн сайын жақсылықтан ләззат алу.

Мереке қарсаңында туған күн иесі мен қонақтар үшін үлкен торт пісірілді. Сонымен қатар, Мэрион Ұлыбритания королі Карл III-ден арнайы құттықтау ашық хатын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале