Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тамыз айында облыста бірқатар нысандардың ашылуы жоспарланған.
Орал қаласында жеке инвестиция арқылы жүзеге асқан, 50 адамдық жұмыс орнымен қамтитын «Uralsk Trade Company» ЖШС сүт зауытын және 12 адамдық жұмыс орнын қамтитын «ОралСпецТехника» ЖШС неміс брендімен «SHRIST» автокөлік жуу нысанының іске қосылуы күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дархан Қадралиев мәлімдеді.
Сонымен қатар мерекеге орай облыс көлемінде сегіз спорт және Street Workout алаңы, үш балалар алаңы, бір дене шынықтыру және спорт кешені пайдалануға берілмек.