15.03.2024, 14:30
Оқылды: 61

111 қызметі отбасы, әйел мен бала мүдделерін қорғайды

«Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаға қатысты болған.

WhatsApp Image 2024-03-15 at 11.36.23

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтардың ең көп сауалды заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты.

111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді.

Мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен күресуіне көмек берілді, ер адам құлдықтан құтқарылды, әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасына өрттен кейін тұрғын үйі қалпына келді. Жалғызбасты қарт әкенің ұлын циркке апару арқылы арманы орындалды, сонымен қатар оқушы балаға күнделікті мектепке қатынауы үшін жол жүру картасы берілді.

111 қызметінің кеңесшілері әр қоңырауды жеке мәселе ретінде емес, белгілі бір отбасының бірнеше мәселесін шешу мүмкіндігі ретінде қарастырады.

111 қызметіне жиі жүгінетін 30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер. Олардың қоңырауы - 60% .

Байланыс орталығының заңгерлері мен психологтары хабарласқан әр адамға мәселесі шешілгенше қолдау көрсетіп, кеңес беред. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына ақпарат береді.

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғаудағы 111 қызметі 2023 жылдың 16 қазанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын. 111 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады. Аноним және жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі. Байланыс орталығы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста, барлық қоңырауды тіркеп, дағдарыс шешілгенше әр отбасының жағдайын бақылайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале