27.03.2025, 10:45
Оқылды: 155

 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіленген 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру әрекеті бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.

98c8f90b1b9d69e24aff1c6551da5759_1280x720Биылғы жылдың басынан ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі.

d81d778bf1c2d209c5ff4fca06c2a394_1280x720

Бұл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген).

Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға түсу және оны қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы пайдалану қаупі төмендетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу фактілері тіркелуде.

caa90cdbf8a78d391eb4d868376d5bd2_1280x720

Яғни, ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он бірлік қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады.

Қару-жарақ көліктің қаптамасына айлакерлікпен жасырылып, әрі ҚР азаматтары арасындағы сыбайластардың көмегімен жеткізілген.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале