11.12.2025, 15:45
Оқылды: 88

1,2 млрд теңгенің спорт кешені. Жаңа Өмірдегі нысан кімнің қолдауымен салынды?

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылында ел қуанышына айналған оқиға болды – ауылда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені есігін айқара ашты.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.01 (3)
Бұл – тек бір ғимарат емес, спорт сүйер ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік. Кешен 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің инфрақұрылымын қалпына келтіру мақсатында салынған болатын. Құны — 1,2 млрд теңге.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.02
Жобаны «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» бизнес-серіктестерімен бірге жүзеге асырды. Қаржылай қолдау көрсеткендер қатарында «Азиялық Газқұбыры», «Uranium One», «CGN», «Cameco», «Orano», «КАТКО», «Marubeni», «KMG RomPetrol» компаниялары бар.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.03
Спорт кешенінің аумағы – 1 600 шаршы метр. Мұнда волейбол, баскетбол, бадминтон, үстел теннисі және қазақ күресімен айналысуға арналған залдар бар. Жақын арада ауыл балалары үшін тегін спорт секциялары ашылады.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.01
Ең қуаныштысы – бұл соңғы нысан емес! 2026 жылы тағы бір спорт кешені Атырау облысының Құлсары қаласында ашылады. Қайырымдылық пен серіктестіктің нақты нәтижесі – міне, осындай.

 

Дереккөз: “Samruk-Kazyna Trust” корпоративтік қоры

WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.02 (1) WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.02 (2) WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.01 (2) WhatsApp Image 2025-12-11 at 16.16.01 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале