8.08.2024, 12:45
Оқылды: 83

1,2 мыңнан астам ауылдық елді мекендер интернет-қызметтерге қол жеткізді

Қазақстанда байланыс инфрақұрылымын белсенді жаңғырту жүргізілуде. 20 мың шақырымнан астам жаңа оптикалық-талшықты  байланыс желілері орнатылды. 1,2 мыңнан астам ауылдық елді мекендер интернет-қызметтерге қол жеткізді, ал 3,7 мың мемлекеттік және бюджеттік мекемелер кең жолақты интернетке қосылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

4360DE06-6BA2-4B67-A21D-A1956DA73696

Сурет: pixabay.com

Технология жетістіктеріне 20 ірі қалада 918 базалық стансасы бар 5G желісін іске қосу, сондай-ақ 4,8 мың ауылдық елді мекенді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету кіреді.

Жаңа нормативті талаптарды енгізу байланыс сапасын едәуір жақсартты. Антифрод жүйесін енгізу алаяқтардан түсетін қоңыраулармен күресуге көмектесті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале