Кеше сағат 15:07-де «112» пультіне республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 475-шақырымында жүк тиелген екі фура соқтығысып, біреуінің аударылып, жолды жауып тастағаны жөнінде хабарлама түскен. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттер: БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметінен
– «Алматы-Мәскеу» бағытында 12 тоннадай аяқ киім тиеп бара жатып, аударылған жүк көлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі аман.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысын реттеп, автокөліктердің кептелісіне жол бермеді.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен автокран полиция департаменті қызметкерлерінің бірге жүруімен жол қозғалысын жауып тастаған жүк көлігін жол бойына шығару үшін оқиға орнына жетті.
Автокранның көмегімен ауыр жүк көлігі көтеріліп, жөндеу базасына жеткізілді. Тасжолда қозғалыс толық қалпына келтірілді», - деп мәлімдеді ведомстводан.
Айта өтейік, оқиға орнында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Қаратөбе ауданы ТЖБ, Сырым ауданы ТЖБ, полиция департаментінің қызметкерлері, барлығы 11 адам, төрт техника жұмыс атқарған.
zhaikpress.kz