18.07.2024, 9:00
Оқылды: 222

12 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды – ІІМ

Полиция 12 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

25B6DAE4-E878-4A0C-B8CA-59F23CA233AA

Сурет: Polisia.kz

Іздеуде жүрген адам ЖШС директоры бола отырып, 2012 жылы Ақтөбе облысының екі ауданында мал қорымын салуға келісіп, банк арқылы бірнеше траншпен 17 миллион теңге сомасында ақша иеленген. Алайда мал қорымын салу бойынша жұмыс орындалмаған. Барлық ақшаны алғаннан кейін ол қашып кеткен.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті мемлекетаралық іздеуге жарияланды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысындағы ауылдардың бірінде жасырынып жүрген іздеуде жүрген азаматты анықтап, ұстады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале