8.04.2022, 11:15
Оқылды: 45

126 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық онлайн қызмет алды

Жыл басынан бері 126 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік қызметтер порталына жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

9

Атап айтқанда, шамамен 85,5 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,1 мыңы – ымдау тілі қызметін, 33,5 мыңы – жеке көмекші қызметін алды. Сондай-ақ, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 25 мың тапсырыс рәсімделді.

Қызмет алушыға өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік берілген.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 816 медициналық-әлеуметтік мекеме, 200 оңалтудың техникалық құралдарын жеткізуші, 17 мыңнан астам жеке көмекші, 302 ымдау тілі қызметін, 92 санаторлық-курорттық емдеуді, 146 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале