7.09.2023, 11:15
Оқылды: 22

13-15 қыркүйек аралығында KazHackStan 2023 халықаралық практикалық конференциясы өтеді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне арналған KazHackStan 2023 халықаралық практикалық конференциясы өтеді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

AF0D05F2-8F2A-4071-A604-E9084FDA0208

Іс-шара аясында ҚР ЦДИАӨМ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бойынша ведомствоаралық консультацияларын ұйымдастырады, онда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік орталығын құру жөніндегі бастамасы талқыланады.

Сонымен қатар, Министрлік «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» ЗТБ-мен бірлесіп KazHackStan халықаралық конференциясы аясында оқыту/воркшоп өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ақпараттандырудың маңызды объектісіне еліктейтін киберполигон және қорғау саласындағы заманауи шешімдерді көрсету үшін көрме аймағы ұйымдастырылатынын атап өткен жөн (толығырақ ақпарат https://kazhackstan.com).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале