14.12.2023, 11:30
Оқылды: 33

13 жыл бұрын қылмыс әлемінің серкесін көлігінде атып өлтіргендер ұсталды

Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі Мақсат Қарасартовты 2010 жылы көлікте отырған жерінде атып кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Gun pointed at camera in close-up. Pistol in hand in dark. Criminal with dangerous firearm. Attack or defense.

Фото: istockphoto.com

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2010 жылы 12 сәуірде сағат 14.00-де Бішкекте "Mercedes-Benz" автокөлігінде отырған белгісіз біреулер Мақсат Қарасартов отырған "Мазда 626" автокөлігінің жанына тоқтап, атып кеткен. Артынша қылмыскерлер оқиға орнынан қашып кеткен болатын.

Қылмыс әлемінің серкесі Мақсат Қарасартов оқиға орнында мерт болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілген болатын.

ІІМ мәліметінше, бүгінде бұл іске қатысы бар күдіктілер ұсталған. Ол "Протез" деген лақап аты бар Шу облысының тұрғыны болып шыққан. Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған. Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыс тобында болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Күдікті тағы да ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Ол Шолпан-Ата тұрғыны Кубанычбек Коноевты өлтірген болуы мүмкін.

Екінші күдікті де Шу облысының тұрғыны. ІІМ жедел есебінде қылмыстық топ мүшесі ретінде тұрған.

Бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале