6.04.2024, 18:00
Оқылды: 51

161 эвакуациялық пункт дайын

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте БҚО ТЖД басшысының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев айтты.

InShot_20240406_181117405

Орал қаласында 23, Теректі ауданында 151, Қаратөбеде 80, Сырымда 204, Бөрліде 84 және Бәйтерек ауданында 39 үйді су басты. Одан бөлек облыстың Теректі, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі аудандарындағы 245 үйдің ауласына су кірді. Саяжай аумағында орналасқан 427 үй су астында қалды.

Өңір бас құтқарушысы өз сөзінде бес республикалық, 35 облыстық және 31 жергілікті маңызы бар автожол бөлігін су шайғанын жеткізді.
- Қазіргі таңда бір облыстық, 59 жергілікті маңызы бар көлік жолын су бұзды. Облыстың 10 елді мекеніне барар транспорттық қатынас үзілді. Теректі ауданының бір, Шыңғырлаудың бір, Қаратөбенің 8 ауылына барар жол жабық, - деді Руслан Қасыбаев.
Облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушының айтуынша, осы кезге дейін 6896 адам эвакуацияланған. Оның 3580-і бала. Уақытша орналастыру орындарында 1333 тұрғын бар. 8596 адамды қабылдайтын 161 уақытша орналастыру орны дайын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале