«Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша конкурсы қорытындыланды.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: t.me/oqu_agartu
Конкурста математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыс бағаланды.
Конкурстың қорытынды кезеңіне республиканың барлық өңірінен 275 оқушы қатысты. Қазылар алқасының шешімімен 163 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі диплом – 41, ІІ дәрежелі диплом – 57, ІІІ дәрежелі диплом – 65, сондай-ақ ерекше жетістіктері үшін берілген грамота – 80.
Естеріңізге салсақ, «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты биылғы жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында 369 оқушы арасында өтіп, онда 209 қатысушы жүлделі орындармен марапатталған.