1 қазандағы мәліметке сүйенсек, 16 408 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,5 мың этникалық қазақ оралған.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан , 7,7% – Ресейден, 6,3% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 61,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,3%-ды және зейнеткерлер 8,5%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,5%-ы жоғары білімді, 34,4%-ы орта кәсіби білімді, 41,5%-ы жалпы орта білімді, және 8,6% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған.