29.04.2022, 16:00
Оқылды: 29

17 пайызға қымбаттады. Халық 22 мыңнан астам жаңа көлік сатып алған

Бұл туралы Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Макашева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

xdxmjksk9kcdWZNq7BMnh9ZcpJmX10lofLhfVbu3

Отандық өндіріс туралы айтатын болсақ, қиындықтарға қарамастан сату көлемі артып отыр. Мысалы, наурыз бойынша сатылым 26,8  пайызға артқан. Жаңа автокөлік пен жүк көліктері мен автобустардыалатын болсақ, қазақстандықтан қаңтар-наурызда 22 293 жаңа автокөлік сатып алған. Егер де өндіірушілердің болжамына келетін болсақ, биыл 20 пайыз сатылымдық өсім сақталады, - деді Макашева.

Оныңа айтуынша, қазір жағдай тұрақталып, өндірушілердің де жұмысы ретке келді.

Қазіргі өсім қарқыны сақталады деп ойлаймыз. Біздің өндірушілер отандық автокөлік бойынша да өсім болатынын болжап отыр. Өндірушілер халықты сұранысқа қарай қамтамасыз ете ала ма? деген сұрақтар болуы мүмкін. Оның ішінде жеңілдікті автонесие де бар. Әрине, олар нарықты қамтамасыз ете алады, - деді ол.

Макашева айтқандай, биыл қаңтар-ақпан айларында көлік бағасының орташа өскен бағасы 17 пайызды құрады.

Бағаның өсімі жеткізушілер ауысты, логистика да әсер етті. Алацда әлемдегі өсімге қарағанда Қазақстанда жағдайды тұрақтандыру үшін көп жұмыс жасалды. Сондықтан бізде 17 пайызға ғана артты деп айта аламыз. Егер көліктің бағасын салыстыратын болсақ, бір жылғы марка бағасын қарастырған жөн, - деді ол.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале