Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінен
Зияткерлік сайыс ақпан айының 13-18 аралығында өтті. «Дарын» РҒПО директорының м.а. Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша,
ережеге сай облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 1620 қатысушы, сондай-ақ республикалық олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарынан 88 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Шымкент қаласында ұйымдастырылады.
Наурыз айының 20-25 аралығында жаратылыстану-математикалық, 3-8 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытында өтеді.