24.11.2021, 9:20
Оқылды: 60

1768 бос жұмыс орны бар

Бүгінде Орал қаласы мен облыстағы 12 ауданның халықты жұмыспен қамту орталықтары Enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталына қосылған. Электрондық еңбек биржасына 16097 жұмыс беруші тіркеліп, бос жұмыс орындарына 4850 адам орналастырылды. 

2333333

Жұмыссыз тұрғындар электрондық еңбек биржасында жеке кабинет ашып, түйіндеме орналастыра алады. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамту орталығы кеңесшілердің көмегімен цифрлық сауаттылыққа оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда электрондық еңбек биржасы  порталында 1768 бос жұмыс орны мен 3425  түйіндеме  тіркелген.

Биыл 4 мамырдан бастап «Электронды еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жобасы қолға алынды. Яғни жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды тіркеу, жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер тағайындау, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар) бос орындарды таңдау жүргізіледі.

Бүгінде электрондық еңбек биржасына тіркелген 1598 азамат мемлекеттік қолдау шараларына жолданды. Атап айтсақ, 542-сі тұрақты жұмысқа, 446-сы жастар практикасына, 67-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 393-і қоғамдық жұмыстарға тартылды. Ал 62-сі «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік бағытта оқыса, 15-і қысқа мерзімді оқу курстарына жолданды. 73-і қайтарымсыз грантқа ие болды.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасына орай «Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыссыздарды еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларға оқыту» деген іс-шара бекітілген. Аталған іс-шара шеңберінде биыл жыл соңына дейін 100 адамды жұмыспен қамту және  жұмыссыз жүрген 145 адамға кәсіби білім беру жоспарланды.

Азат  Гусманова,

БҚО  жұмыспен қамтуды үйлестіру

және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

бөлім  басшысы

Сурет: bing.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале