22.05.2020, 8:11
Оқылды: 115

18 жасында от кешкен 

Орал өңірінен 76 мыңнан аса азамат Ұлы Отан соғысына аттанса, соның тең жартысына жуығы елімізге қайта оралмады. Солардың бірі ағамыз Мәжит Қожжанов 1924 жылы Сырым ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген.

3C5E869D-0F27-4E2C-98D4-171901F4D156

Үлкендердің айтуы бойынша, жастайынан пысық, алғыр болып өскен. Тіксай елді мекенінде тұрған ата-анасына мал бағуға қолғабыс ете жүріп, бастауыш сыныпты «Қызыл ту», кейін оқуын «Елтай» ауылына барып-келіп оқыған. 15 жасынан шаруашылыққа белсене араласып, комсомолға мүше болған, 1940 жылы әскери комисиариаттың жылқыларын баққан. Соғыс басталғаннан кейін Мәжит аға Отан қорғауға аттануға өтініш білдірген.

Мәжит аға 1942 жылы көктемде 18 жасында Орал облысы Жымпиты ауданының әскери комиссариатынан әскерге шақырылған.

Үлкендердің айтуынша, Мәжит ағадан сиректе болса келген хаттарында тума-туыстарды, елдің амандығын сұрап, «Ерлігі үшін» медалін тағып, пилоткасын киіп түскен суреті өкінішке орай сақталмаған.

1942 жылдың маусым айынан бастап қолына қару алып, жаумен шайқасқа түскен ағамыз, 3 рет жарақаттанып, госпитальде емделіп, қайта майданға араласқан.

Соңғы хаттарының бірінде 1944 жылы «Ұлы тойға» аттанғалы тұрғандарын, соған қызу дайындық жүріп жатқанын айта отырып, мен түсімде үйден таба нанның шетін тістеп кетіп жүрмін деп жазғанын әжеміз айтып отыратын. Бүгінгі күні шамаласақ, ол Днепр өзенін алып, Белоруссия жерін азат етуге болған дайындық болып шығады. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Мәжит ағамыздың хабарсыз кеткені туралы хабар келген.

Көп жылдар іздестіру нәтижесінде ағамыздың соңғы әскери қызмет еткен жері мен қайда жерленгені анықталды. Ата-ананың, ағайынның бір үміті ақталды.

М.Қожжановтың соңғы әскери қызметі ІІ-ші Белорус майданы 120-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында бөлімше командирі, шені аға сержант. Белорус Республикасы, Могилев облысы, Киров ауданы, Пархинновичи деревнясы маңында ерлікпен қаза тапқан М.Қожжанов Днепр өзенінің арғы бетінде 100 шақырымнан аса Пархинновичи деревнясында бауырластар зиратына жерленген. Зираттағы белгіге «Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұрыста қаза болған батырлардың даңқы мәңгі жасайды» деп жазылған.

Жеңістің 70 жылдығына орай ағамыздың басына барып тағзым еттік, туған жерден топырақ апарып салып, гүл шоқтарын қойып, Құран оқып қайттық.

6408FD71-D367-481F-B8AC-E5C5FB45004F

Минск қаласында ҰОС арналған орталық мұражайда болып, соғыс куәгерлері болған экспонаттармен таныстық. Кеңес Одағының батыры Сүндетқали Есқалиев атындағы көшені көріп, ерлігі туарлы естідік. Айта кетерлігі, Мәжит Қожжанов пен Сундетқали Есқалиев екеуі екі деревняда жерленген, ерлікпен қаза болған күндері 24.06.1944-26.06.1944 жылдары. 

Мәжен ағаның арнауынан үзінді: Мәжит ағама 

Бүгінгі жас ұрпақтың, 

Алғысы мол сіздерге

Ниеті жаудын құртпақ-тың 

Қалмады күлі, іздер де

Оралмаған ерлерге,

Ескерткіш қойды Үкімет 

Қалды өскен жерлерге 

Дабылы мәңгі күркіреп 

Дәуіріне жетіп ем 

Аяқты алшақ басатын 

Отанды қорғай кетіп ең 

Рухың мәңгі жасасын. 

Жатқан жерің жарық болып,

Нұр жаусын сенің басыңа 

  Ойға оралды далада

Қалдыма деп сүйегің 

Арман барма өлгенге, 

Басына белгі қойылып 

Кетпейсің ұрпақ тіріде 

Естен ешбір жойылып 

18 жасында елімізді жаудан қорғауға аттанып, ерлікпен қаза тапқан қазақтың қаһарман ұлдарын Тәуелсіз елі мақтан тұтады, олар мәңгі ел есінде.

Жұмажан Қожжанов,

Орал қаласы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале