15.05.2024, 12:45
Оқылды: 41

180 миллион доллар бопсалаған алаяқ сотталды

Бас прокуратураның хабарлауынша, алаяқ 10 жылға сотталған.

ақша ақша ақша

Кінәлі өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсетіп, шетелдік компания директорынан 180 миллион АҚШ долларынан астам қаражат талап еткен.

Алаяқ инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан.

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор күдіктінің кінәсін дәлелдеді.

Ол алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале