19.01.2026, 12:30
Оқылды: 30

19 қаңтар – Әскери тәрбиешілер күні

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде 19 қаңтар – әскери тәрбиешілердің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Дәл осы күні, 1993 жылғы 19 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылып, ұлттық әскери жүйені қалыптастырудағы маңызды қадам жасалды.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 11.03.09

Аталған институттың құрылуы тәрбиеші офицерлер қызметін ресми деңгейде бекітіп, олардың мәртебесі, міндеттері мен жауапкершілігін айқындады. Содан бері әскери тәрбиешілер әскер қатарында идеологиялық және тәрбиелік жұмыстың негізгі тірегіне айналып, жеке құрамның моральдық-психологиялық дайындығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 11.03.09 (1)

Бүгінде әскери қуат тек қару-жарақпен ғана емес, сарбаздардың рухы мен бірлігімен өлшенеді. Осы тұрғыда Ұлттық ұлан мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет атқарып жүрген тәрбиеші офицерлер жауынгерлік рухты көтеру, заң мен тәртіпті сақтау, әскери тәртіпті нығайту, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 11.03.10

Кәсіби мереке қарсаңында барлық әскери тәрбиешілерді Әскери тәрбиешілер күнімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасыларына амандық, абыройлы қызметтеріне толағай табыс тілейміз.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале