Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көліктеріне салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1-сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетінін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, көлікке салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептеуге болады.
Сонымен қатар, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберіледі.
Есептелген салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының "Электронды сервистер" - "ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.