8.07.2016, 10:11
Оқылды: 48

Зеленовта қоғамдық ұйымдар көмегімен 110 құқық бұзушы құрықталды

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы әкімдігінде аудан әкімі Кәрім Жақыповтың төрағалық етуімен азаматтарды қоғамдық тәртіпке тарту бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

  Оған БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллин, учаскелік инспекторлар, округ әкімдері қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, аудан тұрғындарының жергілікті полициямен бірлесе жұмыс атқаруы жайы сөз болды.


  - Бәріңізге беліглі, ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан  бастап жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады. Бұл Ұлт жоспары қадамдарының бірі болатын. Жергілікті полицияның алға қойылып отырған мақсаттардың бірі халықпен тығыз байланыс жасау. Облыс бойынша 235-ке жуық қоғамдық ұйым бар. Мұндай ұйымдар әр полиция учаскесінде болуы қажет.

   Міндетті түрде аптасына бір рет халықпен жүздесіп, бұрын сотталғандармен жұмыстанып, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, яғни қалың бұқарамен тығыз байланыста болу басты мақсатымыз. Біздің жүйелі жұмысымызға, түрлі қылмыстың алдын алуға көмектесетін, әрине, халық. Ал, қылмысты ашуға қол ұшын беріп, белсенділік танытқан азаматарды тоқсанына бір рет ақшалай марапаттауға болады. Ол үшін облыстық бюджеттен жыл сайын 3 млнға жуық қаражат бөлініп отыр, - деді Манарбек Серікқалиұлы.

   Одан әрі аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Жантемір Иманалиев ауданымыздағы қоғамдық тәртіп бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Оның айтуынша, ауданымызда 160 адамнан құралған 24 қоғамдық ұйым бар. Жыл басталғалы осы күнге дейін олардың көмегімен  2 қылмыстың беті ашылып, 110 құқық бұзушы құрықталған.

   Кеңес соңында БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше белсенділік танытқан жерлестеріміз Азамат Бермағамбетов пен Александр Герелиске қол сағат табыстаса, Е.Жұмағазиев, Д.Ипатов, Н.Абужалитов, В.Малкин, М.Чунаев, Ф.Диденко, А.Ажиевтер аудан әкімі атынан алғыс хатпен марапатталды. Ал, 45 азаматқа жергілікті полиция қызметі бастығының  қоғамдық көмекшілері екендігін растайтын куәлік берілді.

www.zhaikpress.kz
Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале