2.12.2024, 9:30
Оқылды: 194

2-8 желтоқсан аралығында қандай спорттық шаралар өтеді?

Әлемде және елімізде 2-8 желтоқсан аралығында қандай спорттық шаралар өтетінін Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_3762

Сурет: министрліктен

3-9 желтоқсан – Пара жүзуден әлемдік кезең

Жарысқа әлемнің 15 елінен 150 спортшы қатысады. Ел намысын 5 отандасымыз қорғайды. 

Өтетін орны: Мысыр, Каир қаласы.

3-10 желтоқсан– Гандболдан Азия чемпионаты 

Сары құрлық додасында Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. 

Өтетін орны: Үндістан, Нью-Дели қаласы.

4-10 желтоқсан – Спорттық гимнастикадан халықаралық турнир

Ел құрамасынан 8 спортшы өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Сербия, Нови-Сад қаласы.

5-7 желтоқсан – Семсерлесуден халықаралық «Гран-При» турнирі

Турнирге Қазақстан құрамасының 8 спортшысы қатысады.

Өтетін орны: Франция, Орлеан қаласы.

5-8 желтоқсан – Дзюдодан Grand Slam турнирі

Қазақстан құрамасынан 6 палуан жүлдеге таласады. 

Өтетін орны: Жапония, Токио қаласы.

5-8 желтоқсан – Құсбегіліктен республикалық турнир  

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 70 спортшы қатысады. 

Өтетін орны: Алматы қаласы.

6-15 желтоқсан – Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 

Әлемдік додада 5 спортшымыз сынға түседі. 

Өтетін орны: Бахрейн, Манама қаласы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале