24.04.2025, 12:30
Оқылды: 294

2 млн теңгені қайтарып алды

Таяуда облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне асүй жиһазын жасауға арналған шарттың уақтылы орындалмауына тап болған А. есімді тұтынушы жүгінді. Ол жеке кәсіпкермен асүй жиһазын жасау, жеткізу және орнату туралы шарт жасасқан. Шарттың талаптарына сәйкес жұмыстарды орындаудың жалпы мерзімі алдын ала төлем енгізілген сәттен бастап 30 жұмыс күнін құраған.

Modern wooden kitchen design in interior

Сурет: istockphoto.com

Тапсырыстың жалпы құны 2 000 000 теңге және оны тұтынушы толық көлемде төледі.

Алайда келісілген мерзім өтті. Бірақ жиһаз да жоқ, тапсырысты орындаушыдан хабар да болмаған соң тұтынушы А. біздің департаментке жүгінуге  мәжбүр  болды. Департамент мамандары құқықтық тұрғыда кеңес беріп, тапсырысты уақтылы орындамаған тұтынушымен шартты бұзуға және төленген соманы қайтаруға  болатындығын  түсіндірді. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жәрдемімен тапсырысты орындаушының атына «Қазпошта» АҚ арқылы сотқа дейінгі талап-арыз жіберілді. Талап-арызда шарттық міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамауына байланысты          2 000 000 теңге көлеміндегі төленген соманы  кері  қайтару  талап  етілді.

Департаменттің жедел араласуы және сауатты жазылған талап-арыз өз нәтижесін берді. Сотқа дейінгі талап-арызды алғаннан кейін орындаушы тұтынушы А.-ға төленген қаражатын толық көлемде (2 000 000 теңге) қайтарды.

Құрметті тұтынушылар!

Батыс Қазақстан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тауарлар мен қызметтерге тапсырыс беру кезінде жазбаша шарттар жасасудың маңыздылығын еске салады. Шарттың талаптарын, әсіресе міндеттемелерді орындау мерзімдері мен төлем тәртібін мұқият зерделеңіз. Егер сіздің құқықтарыңыз бұзылса, кешіктірмей департаменттегі білікті мамандар  көмегіне  жүгініңіз.

Айгүл Ізтілеуова,

облыстық сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале