Аймақтағы су айдындарында мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары басталады. Мақсат - мұз кептелістерінің алдын алу және су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету.

Жарылыс жұмыстары бекітілген іс-қимыл алгоритміне және өнеркәсіптік әрі қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты өңір тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, жарылыс жүргізілетін аумақтарға жақындамауды және жауапты қызметтердің талаптарын орындауды сұраймыз.