26.11.2024, 17:30
Оқылды: 6

2 жыл ішінде Қазақстанда 2,8 мың шақырымнан астам темір жол жөнделді – Үкімет отырысы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев тасымалдау динамикасы мен инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады.

IMG_3101

Сурет: Үкімет

Президенттің Қазақстанды толыққанды көлік-логистикалық хабқа айналдыру жөніндегі алға қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде елімізде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда:

• 2023 жылдан бастап 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді;

• жылжымалы құрамды жаңарту үшін 2024 жылы 185 локомотив сатып алынды, 800 ашық вагон, 143 жолаушылар вагоны пайдалануға берілді;

• Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларында вокзалдарға күрделі жөндеу жүргізілді.

Премьер-министр қабылданған шаралар нәтижесінде 2029 жылға қарай транзиттік тасымалдау көлемі 28 млн-нан 45 млн тоннаға дейін ұлғаятынын, оның ішінде транзит 2 млн жиырма футтық контейнерге дейін өсетінін атап өтті.

Олжас Бектенов халықаралық көлік дәліздеріндегі қазақстандық маршруттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және саланы жаңғырту бойынша күш-жігерді арттыру қажеттігіне тоқталды. 

Теміржол саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде келесідей жұмыстар жоспарланған:

• 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеу, 5 мың шақырымға жуық жаңа және екінші жолдар салу, 2,6 мың шақырымға автобұғаттау жасау, 184 стансаны жаңғырту;

• ТХКБ бағыты бойынша контейнерлік поездар санын жылына 400-ден 3 мың бірлікке дейін ұлғайту;

• 1,2 мыңға жуық жолаушылар вагонын сатып алу;

• Дарбаза–Мақтаарал және Бақты–Аягөз т/ж желілерін салу, Достық–Мойынты т/ж учаскесінің екінші жолдарын және Алматы айналма желісін салу;

• жалпы ұзындығы 1,3 мың км болатын 4 теміржол жобасын іске асыру;

• 2025 жылы 187 локомотив сатып алу, келесі 3 жылда – тағы 257 бірлік жеткізу.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале