20 шілде күні, сағат 10:00-де Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында тұрғындарға арналған дәстүрлі «Ашық әкімдік» шарасы өтеді.
Шараға облыс және қала басшылығы, облыстық басқарма басшылары мен қалалық құрылымдық бөлім басшылары қатысады.
Еске сала кетсек, БҚО-да «Ашық әкімдік» шарасы тұрғындар арасындағы туындаған көкейкесті мәселенің шешімін жедел әрі тиімді жолмен шешу үшін тұрақты өткізіліп келеді.
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер