20.01.2026, 12:00
Оқылды: 59

200-ден астам ұсыныс: Құрылтайдың секциялық отырыстарында не талқыланды?

Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысының алғашқы күнінде құрылтай мүшелері тарапынан 200-ден астам ұсыныс айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026_01_20_065018631300

Екі күндік форумның алғашқы бөлімі төрт панельдік секция форматында өтті. Қатысушылар әлеуметтік-мәдени дамудан бастап, ғылым мен білім саласындағы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Ерлан Кариннің айтуынша, бұл секцияларда құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеген.

Әлихан Байменов: Ұлттық құрылтай – Қазақстанның мемлекеттік басқаруындағы жаңа құбылыс

«Талқылау барысында 200-ден астам ұсыныс айтылды. Бұл бастамалардың барлығы жинақталды. Олардың кейбірін бүгін құрылтай мүшелері өз баяндамаларында егжей-тегжейлі таныстырады», деді Мемлекеттік кеңесші.

Айта кетейік, бүгін жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале